Қазақстанда қызмет ақысын көтерген «Яндекс.Такси» тексеріске ілікті

124

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «Яндекс.Такси» Қазақстанда бағаны көтергеніне байланысты тексеріліп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

яндекс такси

Агенттіктің Алматы қаласы бойынша департаменті қаңтарда компанияға қатысты экономикалық қызметті үйлестіру белгілері бойынша тергеу басталғанын атап өтті.

“2022 жылдың 25 шілдесінде тергеу тоқтатылды. Себебі монополиялық жоғары белгілеу белгілері бойынша жаңа тергеу басталды. Осылайша жоғарыда аталған тергеулердің нәтижесі қосымша хабарланада”, – деді агенттіктің баспасөз қызметінің өкілдері.

Жыл басынан бері жоғары бағаға қатысты серіктестік үстінен алты арыз түскен.

Өз кезегінде «Яндекс Go» баспасөз қызметі заңға сәйкес барлық қажетті ақпаратты ведомствоға беретінін айтты.

https://stan.kz/yandekstaksi-kazakstanda-bagani-koteruine-baylanisti-te-370657/

Leave A Reply

Your email address will not be published.