КҮН ТӘРТІБІНДЕГІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

358
Бүгінгі таңда қоғамдағы өте өзекті мәселенің бірі – түрлі мал ауруының алдын алу мен тиісті шараларды дер кезінде қолға алу екені белгілі. Аталған мәселе әсіресе тіршілігі төрт түлікпен байланысқан ауыл тұрғындары үшін өте маңызды.
Сол себепті де бүгінгі аппараттық кеңесте аудандағы ветеринария саласында атқарылып жатқан жұмыстарды қарап, эпизотиялық іс-шараларға бөлінген қаржының игерілуі, қаңғыбас ит-мысықтарды аулау және оларды ұстайтын орынды әзірлеу сынды бірқатар түйткілдерді талқыладық. Жауапты басшыларға қаладағы мал базардың санитарлық жағдайы мен ондағы төрт түлікке қатысты мәселелерді шешу бойынша нақты тапсырмалар жүктедім.
Сонымен қатар, кеңес барысында ауданымыздағы әлеуметтік осал топтағы тұрғындарды қолдау бойынша атқарылып жатқан жұмыстар мен күзгі абаттандыру және санитарлық тазалау екі айлығының барысы, дизель отынының мәселесі де қаралды. Күн тәртібіндегі мәселелер толық қаралып, жауапты мамандарға тиісті тапсырмалар берілді.

Сәкен Арубаев, Шу ауданының әкімі

Leave A Reply

Your email address will not be published.