Конституция күні – Қазақстан Республикасының Ата Заң тарихы

241

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД ЖД 158/1 мекемесiнде арнайы контингент арасындағы тәрбие жұмысы жөнiндегi бөлiмшесiнiң қызметкерлерi сотталғандармен ҚP IIM 13.08.2014 жылғы «Бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргiзу қағидасын бекiту туралы» №508-буйрығына сәйкес тәрбие жұмысын жүзеге асырады. Осы жұмыстардың бiрi сотталғандардың адамгершілік тәрбиесiн, моральдық-этикалық түсiнiктi, салауатты өмiр салттарын арттыру болып табылады.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментiне қарасты ЖД 158/1 мекемесiнде АКАТЖӘП бөлiмшесiнiң қызметкерлерi шаруашылық жасағына қалдырылған сотталғандар арасында «Қазаксатан Республикасының Конститутция» мерекесіне орай, жоспарға сәйкес мәдени және спорттық iс-шара өткiзiлдi.

Осылайша, бекiтiлген жоспарға сәйкес таңғы тексеру іс-шарасынан соң, сотталғандар ҚР Мемлекеттiк Әнұранын орындаудан бастады. Яғни сотталғандардың патриоттық сезімдерін нығайтуға бағытталған ҚР-ның Конституциясы-Ата заң тарихы туралы өлеңдер мен құттықтаулар айтылды. Сонымен қатар спорттық iс-шарасы, яғни қол күрс, арқан тарту, шахмат, турникке тартылу ойындарынан жарыс өткiзiлiп белсенді қатысқан сотталғандар мен жарыста орын алған сотталғандар мекеме бастығының алғысымен марапатталды.

Әділхан Оразымбетов,

ЖД-158/1 мекемесінің арнайы контингент арасындағы тәрбие жұмысы жөнiндегi және әлеуметтік-психологиялық бөлiмшесінің бастығы, әдiлет майоры

Leave A Reply

Your email address will not be published.