Павлодар тұрғыны қыз зорлағаны үшін бес жылға сотталды

139

Павлодарда қыз зорлады деп айыпталған жас жігітке қатысты сот үкім шықты. Үкімді №2 қылмыстық соты мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, сотталушының кінәсі жәбірленуші мен куәлардың айғақтарымен, заттай дәлелдемелермен және қылмыстық іс материалдарымен дәлелденді.

Сот сотталушының жасын ескеріп, оған 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Ал оған тағылған айып 5 жылдан 8 жылға дейінгі жазаны қарастырады.

Сот отырысы жабық өтті, егжей-тегжейлі мәлімет жариялануға жатпайды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ. Сот сотталушыны жәбірленушіге келтірілген моральдық шығынды өтеу ретінде 3 миллион теңге төлеуге міндеттеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.