Темір жолда – темірдей тәртіп

578

ҚР Ішкі істер министрлігі Көліктегі полиция департаментінің нұсқауына сәйкес Тараз станциясы Желілік полиция бөлімінің қызмет көрсету аумағында «Құқықтық тәртіп»  жедел профилактикалық іс-шарасы мен «Көліктегі қауіпсіздік» акциясы өткізілуде.

Шара аясында темір жол обьектілерінде тиісті құқықтық тәртіпті сақтау, теміржол көлігі нысандарындағы азаматтардың қауіпсіздігін жеткілікті түрде қамтамасыз ету, әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтау және болдырмау бағытында жұмыстар қолға алынды. Сондай-ақ, темір жол бойында орын алатын жазатайым жағдайлардың алдын алу мақсатында темір жолға жақын орналасқан елдімекен тұрғындарына темір жолдан өту қағидаларын сақтау және темір жолға жақын жерлерде мал жаю бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Аталған іс-шараны өткізу барысында Тараз станциясы темір жол вокзалында жолсеріктер мен жолаушылар арасында жол үстіндегі кездесулер өткізілді. Жедел-алдын алу шарасының барысында темір жолға жақын орналасқан оқу орындарының оқушыларымен де кездесу өткізіліп, оларға құқық бұзушылықтар туралы түсінік берілді.

Л.Көпбаева,

Тараз станциясы ЖПБ ҰАЖт аға инспекторы, полиция майоры

Leave A Reply

Your email address will not be published.