Қордайда Қырғызстанға 20 тонна сексеуіл өткізбек болған шымкенттік қолға түсті (Видео)

703

Қордай ауданының «Қарасу» көлік өткізу бекетінде Жамбыл облысының Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне қарасты 2038 әскери бөлімінің әскери қызметшілерімен бірлесіп, «Браконьер» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында заңсыз кесілген және пайдалануға тыйым салынған сүректі (сексеуілді) тасымалдаған адамды анықтап, ұстады.
Ол 33 жастағы Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты.
Ұсталған азамат өз кінәсін мойындады. Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Заттай айғақ болып табылатын 20 тонна сексеуіл тәркіленді. Сондай-ақ сот-биологиялық сараптамасы тағайындалды.
Аталған қылмысты жасағаны үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің талаптары бойынша мүлкі тәркіленіп және бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.
Еліміздің мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі сексеуіл екпелерін отаудың барлық түрлеріне 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін тыйым салынған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.