Енді Ерғожин қамауға алынды

246

Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары Дәулет Ерғожинді қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілді, – деп хабарлады «Интерфакс-Қазақстан» ҰҚК-ге сілтеме жасап. 

«К.Мәсімов, А.Садықұлов және Д.Ерғожинге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.  Қылмыстық іске «өте құпия» белгісі берілді», – делінген хабарламада.

Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу деректері жариялауға жатпайды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.