Бағаны негізсіз өсіргендерге ірі көлемде айыппұл салынады

344

Әлеуметтік маңызы баразық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында Тараз қаласындағы 10 сауда нүктесі («Магнум», «Small», «Смарт», «Дәмді себет», «Сафият», «Дәмдес», «Гауһар-Фиркан», «Нұрислам», «Алма» «Нурила»), 3 базар (Қайқармет, Ауыл Береке, Коммуналдық базар) және 14 әлеуметтік дүңгіршекке тұрақты түрде мониторинг жүргізілуде.

Сауда орындарының басшыларына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік  тауарларының үстеме ақысын 10-15 пайыздан асырмау керектігі ескертілуде.

Бүгінде тауар құнын тұрақтандыру үшін «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ тарапынан қала аумағындағы 7 ірі сауда дүкендерінен әлеуметтік бұрыштар ашылды.

Айта кетейік, сауда қызметін реттеу туралы ҚР заңнамасына сәйкес сауда қызметі субъектілері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын мөлшерден тыс асырса, 100 АЕК көлемінде айыппұл арқалайды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.