Жастар арысында суицидтің алдын алу мақсатында оқыту семинары өтті

169

Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі жастар арасында интернетке тәуелділіктің алдын алу және жастар арысында суицидтің алдын алу мақсатында мектеп психологтарының біліктілігін арттыруға бағытталған семинар ұйымдастырды.

Семинарға Байзақ, Жамбыл, Талас, Сарысу, Жуалы, Т.Рысқұлов, Қордай, Шу, Меркі, Мойынқұм аудандары мен Тараз қаласының мектеп психологтары мен жастар ресурстық орталықтарының психологтары қатыстырылды.

Семинарды М.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Әлеуметтік психология» кафедрасының меңгерушісі, қауымдастырылған профессор, психология ғылымдарының кандидаты Шолпан Турсумбаевна Турдалиева жүргізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.