Татулық бар жерде береке бар

489

Жамбыл облысы Жуалы ауданы ішкі саясат коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тапсырысмен «Жаңа-Ру» жастар коалициясы заңды тұлғалар бірлестгінің ұйымдастыруымен «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы аясында этносаралық қатынастарды нығайту мақсатында іс-шаралар кешенін ұйымдастыру» атты мемлекеттік әлеуметтік маңызы бар жоба аясында кешенді іс-шаралар легі өтті.

Аталмыш іс-шара 2021 жылдың 31 тамызында Жамбыл облысы Жуалы ауданы Жеті төбе ауылдық округінің Күреңбел аулында өзге ұлт өкілдерімен жергілікті халықтың қатысуымен Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының жетекшісі сарапшысы Қаншымбеков Ербол Бектұрғанұлымен кездесу өтті.

Кездесу барысында бүктеме қағаздар таратылып, өзге ұлттардың жергілікті жерде хал ахуалымен жалпы ауылдың тұрмыс тіршілігі туралы сауалнамалар алынып. Халық арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Түсіндірме жұмыстарында жалпы Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының жұмысы туралы және өзге ұлт өкілдерінің қоғамдағы рөлі туралы сөз қозғалды. Кездесу соңында халыққа қызықты сауалдарға жауап беріліп кездесулер сапасын жоғарлату мақсатында сауланамалар алынды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.