Жастарға деген сенім жоғары

499

Толық аты-жөніңіз, қызметіңіз?

– Есіркепов Абзал Есенұлы. Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығының» директоры.

– Жастар саясатында қызмет көрсеткеніңізге неше уақыт болды?

– Жастар саясатында қызмет етіп жүргеніме биыл 10 жыл болыпты.

– Жастар саясатында нені өзгерткіңіз келеді?

– Жастар саясатында жастардың қолдарында мүмкіншіліктердің барын жеткізгім келеді.

– Сіздің жастарға деген сеніміңіз қандай? Және не себепті олай ойлайсыз?

– Жастарға деген сенім жоғары. Еліміздің ертеңгі болашағы жастардың бүгіннен бастап, қандай тәрбие алуы мен отансүйгіштік қасиеттің дамуы аса маңызды. Ең әуелі жастар бойында рухани адамгершілік, діни, құқықтық секілді қасиеттердің жоғарлауына байланысты сенімде жоғары екені көрінеді.

– Жастарға арналған қай мемлекеттік бағдарламалар сіздің өңіріңізде кең орындалуда?

– Өңірімізде жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалардың ішінде «Еңбекпен қамту» бағдарламасы аясында жұмыстар кең көлемде атқарылып жатыр. Сонымен қатар «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы да жас кәсіпкерлерге жақсы қолдау көрсетіп жатыр. «Болашақ жастардың қолында» деген тұжырымдамамен толықтай келісемін. Ол үшін жастайынан білімге, еңбекқорлыққа, тәрбиеге көп назар қою керек. Қала жастарының басын бір арнаға тоғыстыратын мекеме тарапынан жастар арналған көптеген жұмыстар атқарып келеміз. Атап айтқанда, мекемеде коворкинг залы, волонтерларға арналған кабинеттер, дыбыс жазу студиясы жұмыс жасайды. Сонымен қатар, әр түрлі форматтағы іс шараларды ұйымдастыру арқылы волонтерлар тарту бойынша жұмыстар жүргізіледі.

– Жастардың еңбек сатысымен көтерілуінде аға буынның алатын орны туралы айтып кетсеңіз…

– Дәл қазіргі уақытта аға буынның арқасында еңбек сатысымен көтерілетін жастардың саны азайып келеді. Көпшілік бөлігі өз күштерімен, еңбекқорлығының арқасында, білімінің сапалы болуына байланысты жұмыстарға орналасып еңбек сатысымен жоғарлауда. Ауыл жастары қалаға қоныс аударуы арман қуып келуі керек деп ойлаймын. Себебі, қалада жастарға мүмкіншіліктер көп. Жаңа достар табуға, жұмыс орындарының көпшілігі жастарға деген жаңа мүмкіншілік деп айтар едім. Өз бойларындағы жаңа қасиеттерге жол ашатын да осы бір қоныс аудару деп айтар едім.

Leave A Reply

Your email address will not be published.