Балаларды қуантқан бастама

205

Меркі аудандық пробация бөлімі жаңа оқу жылының қарсаңында «Нығмет нұры» қоғамдық бірлестігімен бірге пробация қызметінің есебінде тұрған көп балалы аз қамтылған 4 жанұяның балаларына оқуға керекті құрал-жабдықтар толы сөмке және киім-кешек табыстады.

— Пробация есебінде әлеуметтік жағдайы жағынан әртүрлі жанұялар бар. Біз солардың ішінен көпбалалы аз қамтылған отбасыларға жыл сайын демеушілердің қолдауымен түрлі көмектер көрсетіп отырамыз. Бұл жылы «Нығмет нұры» қоғамдық бірлестігінің қолдауымен 4 отбасыға мектепке керекті құрал жабдықтармен киім кешектер берілді. Осындай іс-шаралар әліде жалғасын табады -дейді Меркі аудандық пробация қызметінің бастығы әділет майоры А.Самбетова.

Ал, мұндай имандылық шарасына ұйтқы болуды дәстүрге айналдырған пробация қызметкерлеріне және қоғамдық бірлестіктің мүшелеріне акцияға атсалысып, балаларды қуантқандары үшін ата-аналар ризашылықтарын білдірді.

Бауыржан Өтепберген,
Меркі аудандық пробация бөлімінің инспекторы

Leave A Reply

Your email address will not be published.