Елбасының Жарлығымен елімізде шілденің бірінші жексенбісі Қазақ халқының киелі де қасиетті музыкалық аспабы Ұлттық домбыра күні деп белгіленген-ді. Мұндай тағылымы терең, мазмұнды мереке — ұлтымыздың терең тамырлы мәдениетін асқақтатып, рухын көтерері анық.
Айтулы мерекеге орай өңірлік ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/7 мекемесінде арнайы шара өтті.
Мәдени шараға мекемеде жазасын өтеуші азаматтар белсене атсалысып, қара домбырамен қазақтың халық әндері мен күйлерін өз нақышына келтіріп ойнап берді.
Ұлттық домбыра күніне арналған мәдени кеште бұдан бөлек сотталған азаматтар жергілікті айтыскер ақындардың өлеңдерінен шағын үзінділер келтірді.
Шара соңында ұйымдастырушылар тарапынан мәдени кеште өз өнерлерін ортаға салған сотталған азаматтарға алғыс хаттар беріліп, мақтау қағаздары табысталды.
Құрманғазы Далибаев,
ЖД-158/7 мекемесінің қызметкері