Пандемия кезінде партияның көмегіне жүгінушілердің қарасы қалың болды

1 221

«Nur Otan» партиясы Тараз қалалық филиалының XXXІ есеп беру-сайлау конференциясында жасаған баяндамасында филиал төрағасының бірінші орынбасары Уалихан Байдуанов партияға пандемия кезінде өтінішпен келгендердің саны артқанын да тілге тиек етті .

– Өтініштердің басым бөлігі қаржылай көмек пен азық-түлік себеттерімен қамтамасыз етуге қатысты болды. Елбасының бастамасымен қолға алынған «Biz birgemiz!» акциясы 23 517   отбасыға 50 000 теңге көлемінде бірреттік  теңге қаржылай көмек көрсетіліп, 12 000 отбасыға азық-түлік себеттері таратылды, – деді У.Байдуанов.

Nur Otan» партиясы Тараз қалалық филиалының бүгінгі конференциясында филиалдың екі конференция аралығындағы атқарған нақты істері мен алдағы уақытта атқаратын ауқымды міндеттерді айқындалған жиында партияның Тараз қалалық филиалының жаңа төрағасы сайланды. Жаңа төрағаның кандидатурасын партия облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Дауыл Бейсенқұлов таныстырды. Сәйкесінше делегаттардың ортақ шешімімен бұл жауапты қызмет жақында ғана Тараз қаласының әкімі қызметіне кіріскен Ержан Жылқыбаевқа жүктелді.

Мұнан соң жиынның күнтәртібіндегі кезекті мәселе бойынша «Nur Otan» партиясы Тараз қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Уәлихан Байдуанов баяндама жасады.

–  Бүгінгі таңда партия Тараз қалалық филиалының 44 бастауыш партия ұйымындағы 320 партиялық топта 10 965 партия мүшесі бар. Осы конференцияға дейін барлық бастауыш партия ұйымдарында есеп беру-сайлау жиналыстары өтті. 8 мыңға жуық партия мүшесі қатысқан жиында партияның бастауыш буынының қызметін жетілдіру және өзгеде әлеуметтік мәселелерді арқау еткен 220 ұсыныс-пікір айтылды. Бұл ұсыныстардың барлығы партияның Тараз қалалық филиалы тарапынан зерделеніп, оны шешу тетіктері қарастырылған іс-шаралар жоспары жасалады.

Есепті кезеңде  партия  қалалық филиалының  кезектен тыс 5 конференциясы, 12 Саяси кеңес Бюросы мен 5 Саяси кеңестің отырысы өткізілді.

Жиында Мемлекет басшысының Жолдауынан туындаған міндеттерді орындау, партияның сайлауалды бағдаламасын іске асыру, ішкіпартиялық тәртіпті сақтау  сынды мәселелер сөз болды,– деді Уәлихан Боларбекұлы.

Конференцияда партияның Тараз қалалық филиалының Саяси кеңесінің мүшелері және партияның Жамбыл облыстық филиалының конференциясына делегаттар сайланды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.