Жастар арасындағы қылмыс қайтсе азаяды?

239

Облыс прокуроры Н.М. Әбдіровтың төрағалығымен М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде жастар арасында қылмыстың алдын алудың тиімділігін арттыру мәселелері бойынша ведомствоаралық кеңес өткізілді.

Кеңеске полиция департаментінің бастығы Ж.Сүлейменов, облыс әкімінің орынбасары Д. Кәрібек, жоғары оқу орнының ректоры Е. Әмірбеков, уәкілетті органдардың, сондай-ақ ата-аналар комитеттері мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Кеңес барысында жасөспірімдер қылмысының алдын алу саласында, консультативтік кеңес шеңберінде жүргізіліп жатқан жұмыстар баяндалып, негізгі проблемалық мәселелер анықталды.

Облыс прокуроры кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған құқық бұзушылықтардың өсуі, жастар топтарының қатысуымен жасалған қылмыс фактілері, сондай-ақ құқық қорғау органдарының уәкілетті органдармен және оқу орындарымен өзара іс-қимылының жеткіліксіздігі туралы атап өтті.

Қылмыстар жасалған жағдайда жедел ден қою және оларға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру бойынша бекітілген Алгоритм шеңберінде мобильді топтардың жұмысындағы тәсілдер мақұлданды.

Кеңес қорытындысы бойынша уәкілетті органдардың осы бағыттағы жұмысын күшейту, облыс әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның рөлін күшейту, сондай-ақ ведомствоаралық өзара іс-қимыл бойынша ұсыныстар әзірленді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.