Жамбылда апталық “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде

260

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының міндетін атқарушы әділет полковнигі Теңізжан Жәнібековтің бастамасымен Тараз қаласында және облыс аумағында тиісті құқықтық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, жолын кесу мақсатында апталық “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Жедел-профилактикалық іс-шара аясында Тараз қалалық №2 пробация бөлімінің қызметкерлері қалалық № полиция бөлімі жергілікті полиция қызметіндегі әріптестерімен бірлесіп, есепте тұрған азаматтарды тұрғылықты мекен-жайы бойынша тексеруде. Айта кетейік, аталған шара өткізу барысында бірқатар жаза өтеу тәртібін бұзу фактілері анықталды. Атап айтқанда, 8 сотталғанның тұрғылықты жерінде болмағандығы белгілі болды. Бұдан бөлек, Тараз қалалық №2 сотына 3 азаматқа қатысты жаза түрін ауыстыру жөнінде тиісті құжаттар жолданды.

Әлихан Хасенов,
Тараз қалалық №2 пробация қызметі бөлімі бастығының орынбасары
әділет майоры

Leave A Reply

Your email address will not be published.