Түрмеге телефон лақтыру үстінде қос азамат қолға түсті

273

Таразда түрмеге телефон лақтырған екі азамат ұсталды. Оқиға бүгін ерекше режимдегі ЖД-158/7 мекемесінде орын алған. Мекеме қызметкерлері түскі сағат 12:10 шамасында абақты маңайын торуылдап жүрген күдіктілерді байқап, дереу жедел-режим топтары бақылауды күшейтіп, қажетті іс-әрекетке кіріседі. Осы сәтте жымысқы ойын жүзеге асыруға әрекеттенген азамат түзеу мекемесінің биік қоршауынан асырып беймәлім затты ішкі күзет аумағына лақтырады.

№2 өндірістік аумаққа бағытталған жапсырмамен маталған түйіншектің ішінен дана ұялы телефон бар екендігі анықталып, тәркіленді. Тыйым салынған затты түрме аумағына лақтырып, жазасын өтеушіге «көмек» қолын созғысы келгендердің 1989 және 1992 жылы туылған бұрын сотты болмаған азаматтар екендігі анықталды.

Енді заңды бұзған қос азамат ҚР ӘҚБтК-тің 481-бабы (Қылмыстық-атқару жүйесiнің мекемелерiнде, арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттар, бұйымдар мен нәрселер беру) бойынша жауапқа тартылмақ.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.