Жамбыл облысы әкімі аппарат басшысының бұйрығымен Гамлет Төреханұлы Қайнарбеков Жамбыл облысы әкімі аппарат басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.
Қайнарбеков Гамлет Төреханұлы 1968 жылы туылған, білімі жоғары, 1995 жылы Санкт-Петербург мемлекеттік экономика және қаржы университетін «экономист» мамандығы бойынша бітірген, экономика ғылымдарының кандидаты. Еңбек жолын 1999 жылы Алматы қаласында «Маконсалт» ЖШС-да консультант болып бастаған. 1999-2000 жылдары «Авто-Меркур» ЖШС-нің экономисті, 2000-2001 жылдары «Көмір Банк» басқармасының төраға көмекшісі, 2001 жылдың маусым-қазан айлары аралығында «Көмір Банк» басқармасында бас маман, 2001-2002 жылдары «Trabolt-Қазақстан» ЖШС-нің атқарушы директоры, 2002 жылдың сәуір-маусым айлары аралығында «Маконсалт» ЖШС-нің бас консультанты, 2002-2004 жылдары Қызылорда облысы әкімінің көмекшісі, 2004 жылдың маусым-желтоқсан айлары аралығында Қызылорда облысының өнеркәсіп және көлік басқармасы бастығының орынбасары, 2005 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бастығының орынбасары, 2005-2007 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы, 2007 жылдың сәуір-қазан айлары аралығында «Атакент» Қазақстан іскер ыңтымақтастық орталығында бас менеджер, 2007-2008 жылдары «Әулие-Ата-Атакент» ЖШС-нің директоры, 2008-2009 жылдары «Кардиохирургия орталығы» ЖШС-і директорының орынбасары, 2010-2011 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратының кадрлық жұмыс бөлімінің меңгерушісі, 2011-2017 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы, 2017 жылдың 5 шілдесінен бастап бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысы әкімдігі қаржы басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.