Өңірлік қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ЖД-158/5 мекемесінің сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмысы бөлімінің жасақ бастықтарымен медициналық сауықтыру пунктінің қызметкерлерімен бірлесіп, COVID-19 пандемиясының алдын алу шаралары және оның таралу жолдарын болдырмау мақсатында жазасын өтеушілерге түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Жиын барысында мекеменің қазіргі жағдайы пысықталып, коронавирустық инфекцияны жұқтырушылар санының күрт өсуі ескеріле отырып қабылданатын сақтық шараларын күшейту туралы сөз етілді.
Венера Каракозова,
ЖД-158/5 мекемесінің жасақ бастығы әділет аға лейтенанты