Қордай ауданы алып құрылыс алаңына айналды

869

Қордайда ахуал тұрақтанып, құрылыс қарқын алды. Бүгінде Қордай ауданында ақпан айында орын алған оқиға кезінде бұзылған тұрғын үйлер мен коммерциялық нысандарды қалпына келтіру жұмыстары жоспарға сәйкес, мерзімінде іске асуда. Бүгінде құрылыс жұмыстарының бастапқы материалдары келіп, тұрғындарға таратылып берілді. Жалпы 41 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары басталып, 6 үйдің құрылыс жұмыстары толғымен аяқталған. Сонымен қатар, кейбір тұрғындар үйлер мен дүкендерді өз бетімен қалпына келтіріп, жұмыстарын бастап кеткен кәсіпкерлерде баршылық. Мұнымен қоса, оқиға орын алған ауылдарда тұрғындардың көп жылғы тілектері ескеріліп, ауқымды құрылыс жұмыстарда қолға алынып отыр. Атап айтсақ, Сортөбе, Бұлар батыр, Масанчи, Ауқатты, Қаракемер ауылдарындағы ауылішілік жолдар жөнделуде, жаңа әлеуметтік нысандардың құрылысы жүруде. Масанчи ауылдық округінің өзінде 41 көше жөнделуде, екі жаңа мектеп, шағын футбол алаңшасы, көше тренажерлары мен балалар алаңынан тұратын көпфункционалды спорт алаңы салынып, абаттандыру жұмыстары қолға алынуда. Ең бастысы жыл соңына дейін аталған ауылдарға табиғи газда келеді деген жоспар бар. Жалпы биыл Қордай, Қаракемер, Масаншы, Ауқатты, Булар батыр, Сортөбе, Әлжан ана ауылдарындағы барлық көшелер толығымен асфальтталнатындығын ерекше атап өтсе болады. Бүгінде аймақты ахуал тұрақты, жергілікті тұрғындар қалыпты өмір сүруде, диханшылықпен айналысуға жаны құмар дүнген этносының өкілдері бүгінде Қарағанды, Алматы және Шу аудандарында бау-бақша өсіріп, егіншілікпен айнылсуда. Сондай-ақ, қайырымдылық шараларға да белсенді қатысып, ауылдағы аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетуде көпке үлгі, тіпті қасиетті рамазан айында су апатынан зардап шеккен Мақтаарал ауданына 25 тонна азық-түлік тиелген жүк көлікті жөнелткен болатын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.