Қызметкерлер қан тапсырды

205

Бұған дейін өңірлік қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ЖД-158/5 мекемесінің жеке құрам қызметкерлері науқас жандар үшін облыстық қан орталығына арнайы барып, қан тапсырғанын хабарлаған болатынбыз. Бұл жолы “Облыстық қан орталығының” қызметкерлері аталған түзеу мекемесіне арнайы келді.

ҚАЖ қызметкерлері үшін бұл — саналы іс. Қызмет бабында олар тағдыры өзге арнаға бұрылған адамдарды көп кездестіреді. Бір сөзбен айтқанда, ҚАЖ қызметкерлері жазасын өтеуші түзелу жолына түсуі жанын салып қызмет етеді. Сол себепті де, науқас жанның қоғамға қайта оралуына қанның қаншалықты қажет екенін біледі

– Бiз қызмет барысында шалыс басып, түзеу мекемесіне тоғытылған адамдармен тікелей жұмыс істейміз және олардың бостандықтағы өміріне қайта оралуы үшін барымызды саламыз. Сондықтан, науқас қанның адам өмірі үшін қандай рөл атқаратынын жақсы білеміз. Өткенде қан орталығына барып қан тапсыруымыздың, бүгін мекемеге облыстық қан орталығының қызметкерлерінің мекемеге келуінің басты себебі осы. Ал Біз де адам өмірін арашалауға атсалысқымыз келеді”, — дейді ЖД-158/5 мекемесі бастығының орынбасары әділет майоры Айгүл Танашева.

Әрине, донор болатын кез келген адамға қойылатын ортақ тәртіп бар. Сол талап бойынша, қан тапсырмас бұрын жеке құрам қызметкерлердің бәрі де дәрігерлiк тексеруден өтті.

Венера Каракозова,
ЖД-158/5 мекемесінің жасақ бастығы әділет аға лейтенанты

Leave A Reply

Your email address will not be published.