Қордайлықтар тыл ардагерлеріне азық-түлік себеттерін жеткізуде

944

Биыл Ұлы Жеңіске – 75 жыл. Мереке қарсаңында Қордай ауданында Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен қатар тыл ардагерлеріне де құрмет көрсетілуде.

Ұлы Жеңіске тыл еңбеккерлерінің де қосқан үлесі зор. Сондықтан да жыл сайын оларға жергілікті атқарушы органмен қоса әр саладағы ұжымдар құрмет көрсетіп, сыйлықтар табыстайды.

Осындай игі дәстүр Қордай ауданында сәуір айында-ақ басталып, аудан әкімдігінің тарапынан барлық ауылдардағы тыл еңбек ардагерлеріне құрмет көрсетілуде. Ал, қазіргідей қиын-қыстау кезеңде аудандағы ерікті жастар жалғызілікті қарттардың үйіне барып, үй шаруаларына көмектесуді әдетке айналдырған.

Бүгінгі күнге аудан бойынша 528 тыл ардагерлері болса, оның 100-ден астамына қажетті азық-түлік себеттері ұсынылып, аудан әкімі Р.Дәулеттің құттықтауы жеткізілді.

Бұл игі шара жалғасын тауып, аудандағы барлық тыл еңбеккерлері құрметтелетін болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.