Халқымызда бірлік болса, елімізді дау да алмайды, жау да алмайды

355

Еркінбек Солтыбаев, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы

Қордай ауданындағы орын алған жастардың арасындағы келеңсіз жайттар ешкімге абырой әпермейді.

Қазір бізге сабырлық сақтау керек.  «Сабыр түбі — сары алтын» деп айтқан қазақ атам. Қазіргі таңда аңдамай сөйлеу, ашу — дұшпан. Жастарға айта алатын кемел ой, парасатты пікір керек. Ауызы дуалы, сөзі уәжді ата-әжелеріміз балалары мен немерелерінің ар-ұяттан аттамай, иманды болып өсуін қадағалаған.

Бүкіл ізгілік пен жақсылықтың имандылықтан бастау алатынын білген қарттар ұлының ұятты, қызының ибалы болып өсуіне күш салған.

Қордай ауылындағы болған келеңсіз жайттарға байланысты жалған қауесеттерге, арандатушылыққа жол бермеуіміз керек. Бізге ұлтаралық татулық, қоғамдық келісім — ең басты қағида.

Әрине құқық қорғау органдары мұқият тексеріп, кімнің кінәлі екенін анықтар, бірақ бұл келеңсіз жағдай бізге үлкен сабақ болатын болды.

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Төле би бабамыз айтқан: «Халқымызда береке бірлік болса, елімізді дау да, алмайды жау да алмайды». Сондықтан да елді береке бірлікке ырыс ынтымаққа шақырамыз.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.