Таластықтар жыл ішінде жоспарлы жұмыс атқармақ

687

Талас ауданының әкімі Бақыт Қазанбасов аудан халқының алдында жыл бойы атқарылған жұмыстарды тізбектеп, есеп берді. Облыс әкімі Асқар Мырзахметов қатысқан есепті жиында Бақыт Алпысбайұлы 2019 жылдың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары мен 2020 жылы алда тұрған міндеттер туралы баяндады.

– Қаратау қаласына арналған Көктал су құбырын салуға жобалық сметалық құжаттар әзірленіп, 333 млн. 333 мың теңге бөлінді. Ауыспалы нысан – Майтөбе ауылының су жүйелерінің құрылысын аяқтауға 220 млн. 453 мың теңге бөлінді. Қаратау қаласы 3 мөлтек ауданындағы №22 тұрғын үйді және сыртқы инженерлік жүйесін қайта жаңғыртуға жобалық сметалық құжаттар әзірленіп 284 млн. 522 мың теңге бөлінді. Қаратау қаласы 5 мөлтек ауданындағы №26 тұрғын үйді және сыртқы инженерлік жүйесін қайта жаңғыртуға жобалық сметалық құжаттар әзірленіп 336 млн. 892 мың теңге бөлінді. Көлiк инфрақұрылымының басым жобаларын қаржыландыруға жобалық сметалық құжаттар әзірленіп, 608 млн. 254 мың теңге бөлінді. Ерназар-Қойгелді бағытындағы 11,4 шақырым жолын орташа жөндеу жұмыстарына жобалық сметалық құжаттар әзірленіп, 82 млн. 408 мың теңге бөлінді. Талас ауданының 3 елді мекеніне тартылатын газ құбырын салуға жобалық сметалық құжаттар әзірленіп, 922 млн. 222 мың теңге бөлінді, – деді аудан әкімі. 

Сонымен қатар, Б. Қазанбасов ағымдағы жылы еліміздегі елеулі оқиғалар – Ұлы Отан Соғысындағы Жеңістің 75 жылдығы, Әл-Фарабидің 1150 жылдығы, Абайдың 175 жылдық мерейтойына байланысты атқарылатын ауқымды шараларды аудан халқымен бірлесе атқаруға шақырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.