Талас ауданының әкімі өткен жылды қорытындылады

495

Талас ауданының әкімі Бақыт Қазанбасов С. Шәкіров, Аққұм, Бостандық, Ақкөл, Қызыләуіт және Берікқара ауылдық округтеріне барып, жыл бойы атқарылған жұмыстарды тізбектеп, халық алдында есеп берді. Есепті жиындарда Бақыт Алпысбайұлы 2019 жылдың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары мен 2020 жылы алда тұрған міндеттер туралы баяндады.

– Жалпы өткен жыл еліміз үшін де, ауданымыз үшін де табысты жыл болды деп айтуға толық негіз бар. Соның бір айғағы – өткен жылдың күрделілігіне қарамастан ауданда әлеуметтік- экономикалық дамуында жақсы көрсеткіштерге кол жеткіздік.

Жамбыл облысы әкімімен Талас ауданының әкімі арасындағы бекітілген 27 индикатордың 22-і толық орындалды. Жамбыл облысы әкімдігінің басқарма басшыларымен Талас ауданының әкімі арасындағы бекітілген 112 индикатордың 106-ы орындалған.

Өздеріңізге белгілі 2019 жылдың 2 қыркүйегінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан Республикасының Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Сындарлы қоғамдық диалог – қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына алғашқы Жолдауын арнады. Мемлекет басшысы елдегі жағдай мен ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары жөнінде нақты атқарылатын іс-шараларды, жік-жікке бөле отырып  бағыттарын айқындап берді. «Халықпен тиімді кері байланыс орнату» Қоғамдық диалог, ашықтық, адамдардың мұң-мұқтажына жедел назар аудару мемлекеттік органдар қызметінің  негізгі басымдықтары саналатындығын жеткізді.

Бұл орайда ауданда Мемлекеттік қызмет көрсетуді барынша ашық болуын қамтамасыз ету, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында Қаратау қаласы әкімі аппараты ғимаратынан  сервистік әкімдік ашылды.  1 мекеменің басшысы «оупен спейс» форматында жұмыс істеуде. Аудан әкімдігінің бірнеше бөлім, мекеме басшылары кабинеттері бірінші қабатқа көшірілді. Сондай-ақ әлеуметтік желілерде аудан әкімі, орынбасарлары, бөлім басшылары, қала және ауылдық округ әкімдерінің  арнайы парақшалар ашылды, – деген Б. Қазанбасов Президент жолдауындағы өзге бағыттар бойынша атқарылған жұмыстар жа       йына тоқталды.

Мәселен, төртінші бағыт – «Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі» бойынша «Білім беру сапасын жақсарту» бойынша ауданда білім сапасын көтеру бағытында жоспарлы жұмыстар атқару қажеттігін айтты.

Жалпы ауданда білім беру саласына 2019 жылға 5 млрд. 922 млн. 541 мың теңге қаражат бөлінген. Материалдық-техникалық жабдықтауға жергілікті бюджеттен 185 дана компьютер сатып алуға 18 млн. 288 мың теңге, 170 дана компьютер сатып алуға облыстық бюджеттен 47 млн. 600 мың теңге бөлініп отыр.

Сондай-ақ, аудан басшысы Жолдаудан туған міндеттерге сәйкес ағымдағы жылдан бастап ауданда мәдениет саласында жұмыс атқаратын 180-ге жуық қызметкердің жалақысы өсетінін жеткізді.

– Әлеуметтік көмек көрсету жүйесін одан әрі дамыту мақсатында 2019 жылы 1 сәуірден бастап, жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған болатын. Оған көмекке мұқтаж 1651 отбасындағы 8566 адамға 1 млрд. 062 млн.189 мың теңге, тұрғын үй көмегіне 560 отбасындағы 2593 адамға 14 млн. 852 мың теңге, біржолғы әлеуметтік көмек 108  адамға 8 млн. 953 мың теңге тағайындалып, толық төленді.

2019 жылы жұмыспен қамту органына жұмыссыз ретінде өтініш жасаған 3094 адамның 2600 жұмыспен қамтылды.

2019 жылы 198 адамды қысқа мерзімді кәсіптік оқыту және қайта даярлау курсымен қамтамасыз ету жоспарланып, оған облыстық бюджеттен 37 млн. 715 мың теңге бөлінді. Оқу курстарына 201 адам жолданып, 12 айдың нәтижесімен оқуды 192 адам аяқтап, оның 154-ы жұмыспен қамтылды.

«Басқарылатын урбанизация және бірыңғай тұрғын үй саясаты» бойынша «Қол жетімді баспана – 2020» бағдарламасы аясында Қаратау қаласында жалпы ауданы 27 752 шаршы метрді құрайтын 440 пәтерлі 6 көпқабатты тұрғын үйлер жөндеуден өткізіліп, кезекте тұрған азаматтарға кезек ретімен берілді.

Бүгінгі күнге көп балалы немесе жағдайы төмен отбасыларды уақытша тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында, Қаратау қаласындағы 3 мөлтек ауданы №3 жатахана 180 млн. теңгеге жөндеуден өткізіліп, пайдалануға берілді.

Сол сияқты, республикалық бюджеттен бөлінген 73 млн. 359 мың теңгеге Қаратау қаласында 19 пәтер сатып, алынып тұрығын-үй кезегіндегі аз қамтылған көпбалалы отбасыларға берілді, – деді Бақыт Алпысбайұлы.

Аудан басшысы атап өткендей, таластықөтардың өткен жылдың ішінде жеткен жетістігі аз емес. Мысалы, ауданда өндірілген өнімнің көлемі 45 млрд. 266 млн. 600 мың теңгені құраған. Ауыл шаруашылығы өнімі 12 млрд. 252 млн. 300 мың теңгеге өндіріліп, 2018 жылдан  1 млрд. 417 млн. 900 мың теңгеге артық орындалған. Мал басы артып, ет пен сүт өңдеу көлемі артқан. Экспортқа 50,1 тонна сиыр еті шығарылып, жергілікті кәсіпорындарға 47,8 тонна қозы еті өткізілген.

– 2019 жылы 12222 гектарға ауылшаруашылығы дақылдары егілді. Су үнемдеу технологиясын игеру жұмыстары қарқынды жүруде. Атап айтар болсам, өткен жылы 222 гектарға тамшылатып суару жүесі орнатылды.  48 құдық қазылып, 172 күн сәулесінен қуат алатын қондырғылар орнатылды. 36 дана ауылшаруашылығы техникалары есептен шығарылып, 25 дана ауылшаруашылығы техникалары сатып алынды.

Бұдан көлек, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы «Нәтижелі жұмыспен қамту» бағдарламасы бойынша 271 млн. 950 мың теңгенің 79 жобасы іске асырылды.

Жастар жылына орай облыс әкімінің қолдауымен 303 млн. теңге және республикалық бюджеттен 21 млн. теңге бөлінді. Осы мақсаттта ауданнан 123 млн. теңгенің 46 жобасы арнайы құрылған коммисияға жолданып, 16 жоба 37 млн. 500 мың теңгеге жеңімпаз аталды.

Тағы бір өзекті тақырып – «Қарапайым заттар экономикасы» бойынша 19 млрд. 150 млн. 500 мың теңгенің 14 жобасы несиеге қолдау тапты, – деді Б. Қазанбасов.

Нәтижелі жұмыстың арқасында ауданда құрылыс көлемі де артқан. Мысалы, 2019 жылдың 12 айында аталған бағыттағы жұмыстар  7 млрд. 336 млн. 400 мың теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 122,6%-ға немесе 1 млрд. 351 млн. 300 мың теңгеге артық орындалған. Ауданның Бөлтірік шешен, Көшек батыр, Үшарал, Арал және Қайыр елдімекендеріне таратылатын газ құбырын салуға 2018 жылы 2 млрд. 344 млн. 588 мың теңге бөлінген, 2019 жылы 220 млн. 840 мың теңге бөлініп, жұмыстар аяқталған.

– Есейхан ауылында су құбыры жүйесінің құрылысына 2019 жылы жұмыстарды аяқтауға 303 млн. 359 мың теңге бөлініп, жұмыстар аяқталды. Қасқабұлақ ауылындағы су жүйесінің құрылысына 758 млн. 093 мың теңге бөлініп, жұмыстар аяқталды. Бұдан бөлек, Майтөбе ауылын су жүйесінің құрылысына 111 млн. 111 мың теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілуде. Жоба құны 336 млн. 707 мың теңге. Қаратау қаласындағы нысандарға ауыз судың сервистік жүйенің қалпына келтіру нысанының құрылыс жұмыстарына аудандық бюджеттен 62 млн. 892 мың теңге бөлініп, жұмыстар аяқталды.

2019 жылы облыстық мәндегі 41,73 шақырым 3 бағыттағы жолдарды орташа жөндеуден өткізуге 639 млн. 893 мың теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сол сияқты облыстық мәндегі 299,6 шақырым автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу жұмыстарына 81 млн. 393 мың теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілді. Аудандық мәндегі 44 шақырым автомобиль жолдарын орташа жөндеу жұмыстарына 607 млн. 109 мың теңге қаржы бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілді, – деді аудан әкімі.

Бұдан бөлек, Б. Қазанбасов 2020 жылға қойылып отырған міндеттермен де таныстырып өтті. Оның айтуынша, биыл Қаратау қаласына арналған Көктал су құбырын салу, Майтөбе ауылының су жүйелерінің құрылысын аяқтау, Қаратау қаласы 3 мөлтек ауданындағы №22 және  5 мөлтек ауданындағы №26 тұрғын үйді және сыртқы инженерлік жүйесін қайта жаңғырту және түрлі деңгейдегі жолдарды жөндеу міндеттері тұр екен.

Жиын соңында аудан әкімі әлеуметтік салалардағы ахуалға тоқталып өтті. Сонымен қатар, ауыл тұрғындарының сауалдарын тыңдап, нақты жауаптарын берді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.