Конституция күніне арналған мерекелік концерт өтті

531

«Отансыз адам – ормансыз бұлбұл» дейді қазақ. Расында, туған жері, туған елі болмаған адам құдды тамырсыз ағаш секілді. Ол аласапыран дауыл тұрмақ, үп еткен самал да құлатуы оңай. Бұл тұрғыда, бала кезінен ұрпағын атамекенін сүюге, құрметтеп, қадірлеуге тәрбиелеген халқымыз оның адамға берілген баға жетпес байлық екенін ұғындырудан танбаған. Сондай-ақ, оны қорғауды да санамызға сіңіріп келеді.

Бұл ретте Отанымыз – Қазақстанның тұғырының беріктігі әуелі азаматтарына байланысты болса, екінші жағынан ел азаматтарының құқығының сақталуын, заңдардың бұлжытпай орындалуының кепілі бола білген Ата Заңымызға байланысты. Сол себепті, қазақстандықтар жыл сайын 30 тамыз күні басты құжат – Конституция күнін мерекелейді.

Осы ретте, жуырда Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының әртістері Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ЖД-158/2 мекемесінде «Отаным – бақыт ордасы» атты концерттік бағдарлама ұсынды.

Ән-сазды кеште филармония әншілері патриоттық тақырыптардағы әндер орындап, жазасын өтеушілердің көңілін бір серпіп тастады.

Жамбыл облысында орналасқан түзеу мекемелерінде мәдени іс-шаралар өткізудің 2019-2020 жылдарға раналған жаспарына сәйкес өткен шарада аймағымыздың өнерпаздары туған жер, Отан тақырыптарында жазылған туындыларын орындап, кеш қатысушыларының рухын көтерді.

М. Тәттімбетов,

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ЖД-158/2 мекемесі САТӘПЖ бөлімінің бастығы, әділет капитаны

Leave A Reply

Your email address will not be published.