ҚАЖД ЖД-158/1 мекемесінің тылдық қамтамасыз ету бөлімінің қызметкерлерімен ағымдағы кезеңде арнайы контингенттерге арналған көрпе-төсек жабдықтары, азық-түлік және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге бағытталған маңызды жұмыстар атқарылды.
Тауар, жұмыстар және қызметтерді сатып алу үшін қажетті қаражат веб-порталға енгізіліп бекітілді. Сонымен қатар, мекеме бөлімдері берген өтінімдер бойынша тиісті нормаларға сәйкес алдағы жылдарға арналған бюджеттік өтінім жасалынды.
Жыл басынан электрондық веб-порталы бойынша баға ұсыну тәсілімен хабарландырулар берілген. Өткізілмеген сатып алу бойынша бір көзден сатып алу тәсілімен және электрондық ашық конкурс тәсілімен хабарландырулар ойнатылды.
«Азық-түлік өнімдерін сатып алу» жеке қаржыландырудың жоспары бойынша қаражат бөлініп, келісім-шарт жасалынған. Бүгінгі таңда ҚР Үкіметі талаптарына сай барлық азық-түлік тізбесі бойынша қоймаға тауарлар сәйкестік сертификаттарымен сатып алынған. Айта кетейік, азық-түліктер тиісті нормалар есептеуімен режим және күзет аумағына кіргізіледі.
«Заттық мүліктерді, нысанды және арнаулы киім-кешектер сатып алу, тігу және жөндеу» «Еңбек» РМК филиалымен келісім-шарт жасалынды.
Б.Сокжанов,
Тылдық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы