Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті Жамбыл облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мәжіліс залында ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары Ж.М. Бекшиннің қатысуымен парасаттылықты арттыру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша семинар-кеңес өткендігін хабарлады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Н.Исламов семинар-кеңес барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудыратын басты факторларды атап өтті. Олар, нормативтік-құқықтық актілердің жетілмеуі, қызметкерлердің азаматтармен тікелей байланысы, мемлекеттік сатып алуда, қадағалау, бақылау және рұқсат беру функцияларын жүзеге асыруы.
Баяндама қорытындысымен аталған факторларға аса назар аударып, алдын алу жумыстары жүйелі түрде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді ұсынды.
Сонымен қатар, ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары Ж.М. Бекшин, облыстық департаменттің басқарма басшыларының баяндамаларын тыңдай келе, формальдық профилактикалық іс-шараларға жол бермей, қарамағындағы қызметкерлерге бақылауды күшейтуді тапсырды.
А. Есіркепов