«Жол бер – өмірді сақта» акциясы өтті

646

Бүгін «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі полиция бөлімі және денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп «Жол бер – өмірді сақта» акциясын өткізді. Акцияның мақсаты жүргізушілерді адалдыққа және жауапкершілікке шақыру.
Олардың саналарына адам өмірін сақтауда жедел-жәрдем автокөлігіне әр секунд маңызды екенін түсіндіру.
Іс-шара барысында жол жүру ережесін бұзып, жедел-жәрдем автокөлігіне жол бермеген автокөлік иелеріне 3 әкімшілік хаттама толтырылып, жүргізушілермен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

А. Есіркепов

Leave A Reply

Your email address will not be published.