Отанға қызмет – ортақ міндет

478

Таңмен таласа оянып, жұмысқа асығып, күн ұясына кіргенде ошақ басына оралуды қалыпты тірлікке айналдырған өзгелер үшін сақшылардың қалыпсыз тіршілік дағдысы таңсықтау әлем екені рас. Өйткені Қылмыстық-атқару жүйесінің көпшілікке беймәлімдеу тұстарындағы түрлі тәртіп бұзушылықтардың алдын алып, тәулік бойы тыным таппайтын сақшылар ол еңбегін дабыра-дабылсыз-ақ үнсіз атқарып үйренген.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/1 мекемесінің қызметкерлері күн сайын тәңертең сағат 7:50-де сақа­дай сай сапқа тұрып, саптық даярлық тексерістен соң басшылық тарапынан нақты тапсырмалар алады. Әр бөлім өзіне бағытталған жүк­те­мені қабылдап алып, шұғыл қызмет орнына аттанады.
Міне, осылайша таң атқаннан күн батқанға дейін мекеме қызметкерлері тынымсыз еңбек етеді. Жұмыс барысында сақшылар түрлі тағдыр мен сан алуан мінезді адамдардың бар «еркелігін» көтеріп, қанша жерден ашу мен намысқа тиетін сөздер айтылып жатса да түгесілгелі тұрған төзімін ашуға берілмей, салқын сабырға жеңдіріп үйренген. Өйткені қызметтік этика соны талап етеді.

Осыдан-ақ әрбір қызметкердің жанарынан өз ісіне деген шексіз сүйіс­пен­шілікті аңғару қиын емес. Бізді қуантатыны – олардың жұмысы ғана емес, армандары да ортақ екендігі. Ол – Отанға адал қызмет ету!

Асель Ильясова,
ЖД-158/1 мекемесі режим және күзет бөлімінің инспекторы, әділет капитаны

Leave A Reply

Your email address will not be published.