Ақмола облысында тоғыз күн бұрын жоғалған 21 жастағы жігіт табылмай жатыр деп хабарлады turkystan.kz.
Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 20 ақпанда Көкшетау қалалық ПБ-на облыс орталығының 48 жастағы тұрғыны өтінішпен жүгінген. Оның 2002 жылғы ұлы Рахман Жасланұлы Божантаев оралмағанын айтқан.
Аталған азамат 6 ақпанда Астанадан қонаққа барып, кері 13 ақпанда жолға шыққан. Содан бері хабарсыз. Қазір жоғалған азаматты іздеуге Көкшетау қаласы ПБ-ның жеке құрамы мен күштері жұмылдырылды.
https://turkystan.kz/article/214382-9-kun-buryn-zhogalgan-zhigit-eli-tabylmady/