Нұра ауданында Талдыкөл көлінің маңында сортаңды жерде қамыс пен құрғақ шөп өртеніп жатыр деп хабарлады turkystan.kz
ТЖ министрі Сырым Шәріпханов оқиға орнына барып, өрті жылдам сөндіру үшін күштер мен құралдарды жедел бөлу мәселесін бақылауда ұстап жатыр.
«Елордалық өрт сөндірушілердің 143 адамы және 21 техникасы, ЖАО-дан 11 адам және 10 суару жуғыш машина, 1 трактор және «Астана орманынан»10 адам және 4 техника, оның ішінде 1 трактор жұмылдырылды. 2 трактор жану периметрі бойынша жерді жыртуда. Жергілікті жерде өрт сөндіру штабы жұмыс істеп жатыр. Ауа температурасы +23 С. Оңтүстік бағытта соққан екпінді желдің жылдамдығы 15 м/с. Тұрғын үйлер мен орман алқаптарына қауіп жоқ», – деп жазылған ТЖМ баспасөз қызметі хабарламасында.
Қорғаныс министрлігінің су төгетін құрылғылары бар 2 тікұшағы тартылып, 18 рет шамамен 63 тонна су төгілді.
Сағат 21-09-да өрт оқшауланды. Жалпы ауданы 80 гектарға жеткен. Зардап шеккендер жоқ, өртті сөндіру жұмысы жалғасып жатыр.
https://turkystan.kz/article/226141-80-gektarga-zhayyldy-astanadagy-nura-audanynda-ort-sondiru-zhumysy-zhalgasyp-zhatyr/