«Мұны жасырмадым» – Экология министрі әкесінің сотталғаны жайлы пікір білдірді

145

Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова әкесінің соттылығы туралы БАҚ-та тараған ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Таратылған ақпараттың көбі шындыққа жанаспайды. Әкеме қатысты болса, иә, іс болды, соттылығы жойылды. Мен бұл фактіні жасырмадым. Мемлекеттік қызметке кірген кезде мұны құжатта көрсеттім»,  – деді Зүлфия Сүлейменова Үкімет отырысында БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере отырып.

Бұған дейін бірқатар ақпарат құралы министрдің әкесі Болат Сүлейменовтің 2011 жылы «Аса ірі көлемде жасалған ұрлық» бабы бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылғаны туралы ақпарат таратқан болатын. Болат Сүлейменов мүлкі тәркіленіп, төрт жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын жалпы режимдегі түзеу колониясында өтеді.

https://turkystan.kz/article/226139-muny-zhasyrmadym-ekologiya-ministri-ekesinin-sottalgany-zhayly-pikir-bildirdi/

Leave A Reply

Your email address will not be published.