№5 орта мектебінде Халық Қаһарманы Ғазиз Байтасовтың ерлік жолы бойынша мектеп оқушыларымен кездесу өтті.
Алғаш Ғ.Байтасовқа арналған мемориалдық тақтаға себет гүл шоғы қойылды.
Кездесуге Жамбыл облысы Ардагерлер кеңесінің мәдениет және жастар ісі жөніндегі төралқа төрағасы Исмайл Хаджимуратов, Айрықша солдаттар Қоғамдық Бірлестігі саяси бөлім бастығы Сейтхан Қуантаев және Ғ.Байтасовпен қызметтес болған бірнеше полиция өкілдері қатысты.
Кездесуде алғаш сөз алған Исмайл Хаджимуратов «Ерлік пен батырлық жүректе және мінезде»-деді.
Жеті адамды атып өлтірген қаскөй ,ары қарай талай адамның тағдырын қимас үшін Ғазиз батыр қаскөйді астына алып құлап жарылған гранатпен өмірін қиды.
Бұл ерлік ұмытылмақ емес.
Дәл осындай жағдай 1986 жылы 16-17-18 желтоқсан күндері Алматы қаласында Брежнев алаңында жастар кеңестік империяға қарсылығын білдіріп аяусыз ұрып-соғылды,шейіт болды, сондада ерлікпен қасқая қарсы тұра білді.
Осы жайлы айтып жастарды Отанды сүю, қастерлеу әрбір жас буынның жүрегіне ұялау керектігін жеткізді.
Келесі сөз алғандар Ғ.Байтасов жайлы өз естеліктерімен бөлісті.
Оқушылар өздерін толғантып жүрген сұрақтарын қойып,толық жауабын алды.
Кездесу еркін форматта тартымды өтті,соңында қатысушылар естелік суретке түсті.
Жамбыл облысы Ардагерлер кеңесі