7 жаңа мектеп – балалар игілігіне

368

Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында баспасөз конференциясын өткізуде. Баяндамасы барысында Бақытжан Әмірбекұлы облыс орталығында жаңа білім ошақтарын салу жайын тілге тиек етті.

– Тараз қаласында биыл мектептің құрылысы жүргізілді. Оның ішінде «Жайлы мектеп» жобасы аясында – 4, республикалық бюджет есебінен 3 оқу ордасы бой көтеруде.

Айталық, «Арай» алқабындағы 600 және «Казарма» алқабындағы 180 орындық мектептер толық аяқталып, күні кеше пайдалануға берілсе, қалған мектептер жыл соңына дейін өз жұмысын бастамақ.

Сонымен қатар 2023 жылы 7 мектеп, 1 бөбекжай-бақша ғимараттары күрделі жөндеуден өтсе, ағымдағы жылы №19 орта мектепті күрделі жөндеу бойынша жұмыстар жүргізілуде, – деді қала әкімі.

 Тараз қаласы

Leave A Reply

Your email address will not be published.