7 АУЫЛҒА АУЫЗ СУ ЖҮЙЕСІ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

61
Жыл басынан бері ауданымыздағы бірқатар ауылдық округтерде ауыз су жүйесін тарту жұмыстары жүргізіліп келеді. Бүгінгі аппараттық кеңесте дәл осы мәселе бойынша жауапты бөлім басшысы баяндама жасап, елді мекендерді орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталды.
Қазіргі таңда өңіріміздегі 35 елді мекеннің 27-не орталықтандырылған ауыз су жүйелері жүргізілген. Бүгінде ауылдарды ауыз сумен қамтамасыз ету үлесін арттыру мақсатында 2022-2023 жылы 7 ауылда құрылыс жұмыстары басталған. Оның ішінде Еңбекші мен Көкқайнар ауылдарындағы ауыз су жүйесін тарту жұмыстары жуық арада аяқталып, пайдалануға берілмек. Оған дейін арнайы комиссия құрылып, мердігерлер тарапынан атқарылған жұмыстар толық зерделенетін болады. Содан кейін ғана нысанды қабылдау жұмыстары жүргізіледі. Қалған елді мекендегі жұмыстардың сапасы бойынша жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар берілді.

Шу ауданы әкімдігі

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.