64 ШАРШЫ ДОЙБЫДАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ

165
Таластықтарда 1 алтын, 1 күміс
Еліміздің солтүстігі Павлодар қаласында 64 шаршы дойбыдан жасөспірімдер арасында ұйымдастырылған Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетті.
Жамбыл облысы құрамасы сапында өнер көрсеткен Талас ауданының спортшылары 1 алтын, 1 күміс жүлде олжалады.
64 шаршы дойбының рапид түрінен 10 жастағы ұлдар арасында бақ сынаған Әмірбек Аңсар жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілсе, классикалық түрінен 16 жастағы қыздар сапында облыс намысын қорғаған Мейірбек Арайлым күміс жүлдеге қол жеткізді.
Жоғары спорттық нәтиже көрсеткен спортшыларды дайындаған жаттықтырушылар: Берік Пшанов, Дауренбекова Жаухар.
________________________

Leave A Reply

Your email address will not be published.