Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Ғалижан Мейірманов өткізген брифингтен
Есепті кезеңге жұмыс күші тапшы өңірлерге 60 отбасы, 161 адам қоныс аударды, оның ішінде:
1. Солтүстік Қазақстан облысына — 14 отбасы, 33 адам;
2. Қостанай облысына — 28 отбасы, 83 адам;
3. Павлодар облысына — 16 отбасы, 39 адам;
4. Шығыс Қазақстан облысына — 2 отбасы, 6 адам.
Қоныс аударушы отбасылары толығымен қабылдаушы өңірлік квотасына енгізіліп, барлық мүшелеріне субсидиялар төленді және олар жалдамалы тұрғын үймен қамтылған.
Жамбыл облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы