57 ТОННАҒА ЖУЫҚ ӨНІМ ҰСЫНЫЛДЫ

111
Бүгін облыс орталығындағы «Grand bazaar» сауда кешенінде кезекті ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Онда Байзақ, Жамбыл, Т.Рысқұлов, Сарысу, Шу аудандары мен Тараз қаласы тауар өндірушілерінің өнімдері қойылып, нарық бағасынан 10-25 пайызға төмен бағамен өткерілді.
Мәселен, жылқы еті — 2500 теңге, сиыр еті — 2200 теңге, қой еті — 2000 теңгеден сатылса, макарон өнімдері — 330 теңге, қант — 480 теңге, жұмыртқаның 10 данасы — 350 теңге және пияз, сәбіз, картоп сияқты көкөністер 90-130 теңге аралығында саудаланды.
Жалпы жәрмеңке барысында 60-тан астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері тұтынушыларға 56,8 тонна өз өнімдерін ұсынды. Оның ішінде 9,7 тонна ет, 3,0 тонна шұжық өнімдері, 3,3 тонна сүт өнімдері, 6 мың дана жұмыртқа, 0,5 тонна кондитерлік өнімдер мен 3,4 тонна макарон өнімдері, 0,4 тонна тұз, 0,6 тонна балық, 2,0 тонна ұн, 1,2 тонна бал және 32,7 тонна жеміс-жидек пен көкөніс өнімдері бар.
Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы

Leave A Reply

Your email address will not be published.