ҚАЖ департаментінде Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты жиын өтті

394

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығы барлық жеке құрам қызметкерлерін 7 мамыр — Отан қорғаушылар мерекесімен құттықтады. Өз сөзінде департамент бастығы осынау айтулы мерекенің қай кезде де орны бөлек екенін, Ер азаматтар – Отанының қорғаушысы әрі әр отбасының алтын қазығы екенін айтты..

– Құрметті біздің ардагерлер және қызметкерлер, Сіздерді 7 мамыр — Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Отанға адал, елге қайырымды, отбасына мейірімді болыңыздар. Жүректеріңіз оттай лаулап, жандарыңыз әрдайым жас болсын. Қайратты, мақсатты болыңыздар. Еңбекте табыс, тілеймін – дей келе құттықтау сөз кезегін, Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ардагері Амиролла Ибатуллаевичке ұсынды. Өз сөзінде Сіздерді 7 мамыр — Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтай отырып, Аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз. Еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, мол бақыт және бейбіт ғұмыр тілеймін, – деді Ж. Косжанов.

Аталған мерекелік іс-шара барысында алғашқы кезекті әділет лейтенанты арнаулы атағы Кусемисов Әділжан Ғалымжанұлына, Манап Меруерт Нұрғалиқызына, Саматұлы Нұрсұлтан, Бекмолдаев Бексұлтанға табыс етілді, ҚР ІІМ-нің “Қылмыстық — атқару жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін “ ведомствалық медалімен әділет подполковнигі Ортаев Бекзат Оразалыұлы және Жамбыл облысы әкімдігінің Құрмет грамотасымен әділет майоры Еділ Бақытбекұлына табыс етіліп, ҚАЖ департаментінің құқығымен әділет майоры Ернұр Бейбітұлы, әділет аға лейтенанты Саят Азаматұлы, әділет лейтенанты Асылан Әлімжанұлы, әділет сержанты Нұрдәулет Қайратұлы және әділет сержанты Данияр Маратұлы марапатталып, алғыс хаты табыс етілді. Жиын соңы мерекелік концертпен аяқталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.