Елімізде алтын құрсақты көп балалы аналарға мемлекеттік қолдаулар көрсетіліп, жыл өткен сайын ана мен балаға деген қамқорлықтардың көлемі артуда.![]()
Бүгін аудан әкімі Сәкен Мамытов көп балалы аналарды қабылдап, Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 25 наурыздағы №497 Жарлығына сәйкес, алтын құрсақты аналарға «Алтын алқа» төс белгісін салтанатты түрде табыс етті.
Отбасында бала тәрбиелеп, еңбек етіп, қоғамның дамуына үлес қосқан аналар еңбегі әрқайсымыз үшін үлгі-өнеге екендігін айтып, мәртебелі дәрежелерімен құттықтады.
Өз кезегінде марапат иелері де көп балалы аналарға қолдау білдіріп, қамқорлық танытып отырған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа, аудан басшылығына алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.