ЗЕРДЕЛЕУ

29
Заманауи құрылыс материалдарын жасаумен айналысатын «Хюскер» неміс компаниясының өкілдерімен кездесіп, Қазақстанда суару арналарын реконструкциялау мәселесін талқыладық.
«Хюскер» өкілдері су шығынын болдырмай, толық гидрооқшаулауды қамтамасыз ететін және эрозиядан қорғайтын арналарды бетондау технологиясы туралы айтып, техникалық презентация өткізді. Аталған әдіс бойынша бетондау жұмысын жүргізу үшін арналарды құрғатудың қажеті жоқ. Бұл өз кезегінде уақыт үнемдейді.
Біздің министрлік еліміздегі арналарды ауқымды реконструкциялауды жоспарлап отырғанын ескерсек, мұндай технологиялар өте пайдалы болуы мүмкін. Сондай-ақ, неміс компаниясының өкілдері су қоймаларын тазарту бойынша атқарған жұмыстары туралы да айтып берді. Бұл да біз үшін өзекті мәселе.
Біз Қазақстанның су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту барысында артық шығынсыз әрі экологияға зиян келтірмей, ең жаңа әзірлемелерді қолдануға тырысамыз. Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының мамандары ұсынылған технологияларды іске асыру мүмкіндіктерін зерделеу үшін «Хюскер» өкілдерімен алдағы уақытта тағы кездеседі.

 ҚР Су ресурстары және ирригация министрі

Leave A Reply

Your email address will not be published.