450 млрд тенге инвестиция: Жамбыл облысында жоғары энергиялы материалдар өндіретін екі зауыт салынады

70

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев пен «Barys Dynamics» холдингі басшысы Айбек Барыс өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Кездесу барысында тараптар өнеркәсіп және қорғаныс-өнеркәсіп кешенінде сұранысқа ие өнімдер шығаратын жоғары технологиялық өндірістік кешен салуды көздейтін инвестициялық жобаны іске асыру мәселелерін талқылады.

Жоба төрт кезеңде жүзеге асырылады. Нәтижесінде шамамен 1100 жаңа жұмыс орны құрылады деп жоспарлануда. Бұл халықты жұмыспен қамтуға оң әсерін тигізіп, жергілікті мамандардың біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Жалпы инвестиция көлемі 450 млрд тенгені құрайды.

Кездесу барысында болашақ өндірістің инженерлік және көлік инфрақұрылымын дамыту, сондай-ақ экологиялық және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кәсіпорын халықаралық стандарттарға сай жұмыс істеп, заманауи технологиялық шешімдерді қолданатын болады.

Жоба шетелдік технологиялық серіктестердің қатысуымен жүзеге асырылып, бұл озық технологияларды енгізуге, өнім сапасын арттыруға және экспорттық әлеуетті дамытуға мүмкіндік береді.

Жамбыл облысының әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.