43 градус ыстық: Алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы жарияланды

47

Фото: pixabay.com

«Қазгидрометтің» болжауынша, 6, 7 және 8 маусым күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болып, көптеген облыстарда жаңбыр жауады.

7-8 маусымда солтүстікте, 7 маусымда орталықта, 8 маусымда республиканың шығысында күн күркіреп, екпінді жел соғады, солтүстікте, батыста, орталықта, шығыста бұршақ жауады.

«Елдің оңтүстігінде күндіз +35 +43 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста +35+40°С-қа дейін қатты ыстық болжануда. 6-7 маусымда еліміздің батысында күндіз +30+38 градус нөлден жоғары болады. 8 маусымда республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында және орталығында ауа температурасы күндіз +25+30°С-тан  +20+25°С-қа дейін төмендейді», – делінген хабарламада.

https://stan.kz/43-graduska-deyin-istik-boladi-aldagi-kunderge-arnalgan-401281/

Leave A Reply

Your email address will not be published.