144

Төтенше жағдайлар министрлігі 11 қыркүйекте елімізде сейсмикалық жаттығулар өткізілетінін мәлім етті, деп хабарлады turkystan.kz.

«Тұрғындарды белсенді қатысуға шақырамыз. Сейсмикалық жаттығулар барысында тұрғындар жойқын жер сілкінісі кезіндегі өзін-өзі ұстау ережелерімен танысып, қауіпсіз орындарды анықтау, зардап шеккен халықтың қабылдау пункттеріне жиналуы сияқты кейбір іс-әрекеттерді іс жүзінде пысықтайтын болады. «Баршаның назарына!» сигналын естіген кезде сабыр сақтаңыздар», – делінген министрлік хабарламасында.

Министрліктің мәліметінше, тұрғындарға мүмкіндігінше ғимараттан шығу қажет. Ал ғимараттан шығу мүмкіндігі болмаған жағдайда қауіпсіз жерді паналай тұру қажет.

«Сейсмикалық жаттығулар «Жер-2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында өткізіледі. Оның негізгі мақсаты – халықты жер сілкінісіне дайындау, оларға жалпы қауіпсіздік мәдениетін үйрету, сонымен қатар азаматтық қорғау күштерінің жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеттерге әзірлік деңгейін арттыру», – деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.

Сейсмикалық қауіпті өңірлерде жаттығулар сағат 10:00-ден 11:00-ге дейінгі аралықта өтеді.

https://turkystan.kz/article/232979-el-turgyndaryna-11-kyrkuyekte-kauipsiz-zherde-bolu-kerek-ekeni-eskertildi/

Leave A Reply

Your email address will not be published.