Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова сирек кездесетін ота жасатты

82

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова сирек кездесетін ота жасатты. Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті, деп жазды turkystan.kz.

Айтуынша, актриса тіліне операция жасатқан.

«Өткенде тісімді емдетпек болып, дәрігерге бардым. Аузымды әбден шұқып болып, түрі бұзылып кеткен дәрігер «…сізбен біздің бас хирург сөйлеседі» деді. «Тісіме хирургтің қатысы қанша?» деп таңдандым. Сөйтсем, менің тілім қысқа екен. 35 жыл неге үн қатпай көп нәрсеге шыдап келгем десем,   «…шешім біреу, тіліңізді ұзарту керек» деді.
Сөйтіп, хирургтің үстелінен бір-ақ шықтым. Сүйегі жоқ қызыл тілді кесті де, ұзартып берді. Енді менің де тілім ұзын» деп жазды ол.

https://turkystan.kz/article/232983-aktrisa-zhuldyz-ebdikerimova-sirek-kezdesetin-ota-zhasatty/

Leave A Reply

Your email address will not be published.