«400 миллион доллар»: «Аль-Хиляль» командасы Мессиге ұсыныс тастады

130

Сауд Арабиясының «Аль-Хиляль» командасы Аргентина құрамасы мен ПСЖ шабуылшысы Лионель Мессиге келісімшарт туралы ресми ұсыныс жасады деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл туралы журналист Фабрицио Романо мәлімдеді.

Дереккөзге сәйкес, Сауд клубында 35 жастағы аргентиналықтың жалақысы жылына 400 миллион еуро болмақ.

Месси 2021 жылдың жазынан бастап «ПСЖ» үшін өнер көрсетіп келеді. Оның клубпен келісімшарт мерзімі 2023 жылдың маусымына дейін созылған. Transfermarkt порталы ойыншының құнын 45 миллион еуроға бағалады.

Осы маусымда Месси ПСЖ-да 33 матч өткізіп, 18 гол соғып, 17 нәтижелі пас берді.

https://turkystan.kz/article/218937-400-million-dollar-al-hilyal-komandasy-messige-usynys-tastady/

Leave A Reply

Your email address will not be published.