Жамбыл облыстық ІІД нің есірткі саудасымен күрес басқармасының қызметкерлері «Көкнар-2018» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді, – деп хабарлайды «08info» ақпарат агенттігі.
Онда Меркі ауданы Тәтті ауылының маңындағы 7 шақырымдағы құмды өлкеден есірткі жинау мен дайындау кезінде ер азамат құрықталды. Бұрын істі болған 36 жастағы азаматты тәркілеу барысында салмағы 50 келі 820 гр «кептірілген марихуана» табылды. Қылмыскер қылмысын мойындап Меркі ауданындағы ішкі істер бөліміне уақытша қамау абақтысына жабылды.Қазіргі уақытта ҚР қылмыстық кодексіндегі 297 бап 3 тармақ бойынша алдын-ала тергеу жұмыстары жүргізілуде.