Қордайда «Балалар жылы» аясында ата-ана қамқорлығынсыз қалған 29 балаға баспана кілті табысталған. Ал «Мейірім» жобасы аясында 102 жеткіншектің арнайы шоттарына 3,8 миллион теңгеден астам қаржы аударылған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-брифингінде аудан әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбай айтты. Оның сөзінше, есепті кезеңде 66 шара өтіп, онда 32 мыңнан астам бала қамтылған.

