Биылғы жылы облыста 3,5 мың гектарға қияр егіліп, одан 101 мың тонна (орташа өнім 285,0 ц/га) өнім жиналса, 5,5 мың гектарға егілген қызанақтан (орташа өнім 289,2 ц/га) 161,4 мың тонна өнім жиналды. Бұл дақылдардан жиналған өнімдер өткен жылмен салыстырғанда 32,6 мың тоннаға артты.
Сонымен қатар, 4,8 мың гектар басқа да көкөніс дақылдарынан 127,2 мың тонна өнім алынды.
Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы